"Рудный қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жылпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 732 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 1404 қаулысы

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Рудный қаласының шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 732 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5713 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары С.К. Искуженовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшінде енеді.

      Рудный қаласының әкімі                     Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады