"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) 2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайларының қоса ұсынылған Тізбесі;
2) аудан бюджеті қаражаттары есебінен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде еңбек ақысы мөлшерінде азаматтардың еңбек төлемі бекітілсін.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011.05.17 № 138 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығына:
1) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған қызметтерді көрсету жөніндегі шарт жасасын;
2) жұмыссыздарды төленетін қоғамдық жұмыстарына жіберуді жүзеге асырсын;
3) жергілікті бюджет қаражаттарынан қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысына, соның ішінде 2011 жылға белгіленген міндетті зейнетақы жарналары, табыс салығы шығындарын төлеу үшін, жұмыс берушілердің есеп шоттарына қаржылық қаражаттары аударылсын;
4) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерiнде әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорына әлеуметтiк аударуларды төлеуге арналған шығындарын, талап етуге дейiнгi немесе банкiнiң ақшалай төлем карточка есеп шоттарына еңбекақыны аудару мен төлеу және шотқа басқа ақшалай төлемдер бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиондық сыйақыны төлеуге арналған шығындарын жергілікті бюджеттен шарт бойынша белгiленген мөлшерде өтесiн.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011.05.17 № 138 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкiмi Т. Ташмағамбетов
КЕЛIСIЛДI:
"Ұзынкөл орталық аудандық
аурухана" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсіпорны, бас дәрігер
_______________ Қ.Ержанов
2011 жылғы 7 ақпанда
Әкімдіктің
2011 жылғы 7 ақпандағы
№ 45 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс
орындарын ұсынатын ұйымдардың және қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемінің және нақты қоғамдық жұмыстардың
еңбекақы мөлшерінің тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011.04.14 № 90; 2011.05.17 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулыларымен.
№ |
Ұйым атауы |
Жұмыс түрлері |
Жұмыс |
Нақты |
1 |
"Ұзынкөл орталық |
Жұмыскерлердің |
152400 |
Қазақстан |