"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 142 "Қарасу ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2015 жылғы 8 маусымдағы № 5658 тіркелген, 2015 жылғы 17 маусымдағы "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шәмшиев