Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы "1994 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" № 42 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 13 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 Қаулысына сәйкес, аудан әкімінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы 1994 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" № 42 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 31 желтоқсанда № 12-4-92 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 қаңтарда № 3 "Ауыл тынысы" және № 3 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң аппарат басшысына жүктелсiн.
      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады