Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 4/859 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 05 тамыздағы № 3/486 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 2/310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 20 қазандағы № 4/859 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1098 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қарашада «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. «Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Алматы қаласы әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы бір апта мерзімде хабарласын;
      2) бір апта мерзімде осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі          А. Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады