1. "Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 05 сәуірдегі № 91 қаулысының (2011 жылғы 28 мамырда "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1778 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы "Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 241 қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Е.Сұлтанов |