1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 66 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үй-жай ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 наурызда № 3147 тіркелген, 2015 жылғы 23 наурыздағы аудандық "Мағжан жұлдызы" № 12, 2015 жылғы 23 наурыздағы аудандық "Вести" № 12 газетінде жарияланған) қаулысының;
2) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 сәуірдегі № 41 "Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3174 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурыздағы аудандық "Мағжан жұлдызы" № 14, 2015 жылғы 27 наурыздағы аудандық "Вести" № 14 газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Бегманов |