Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 41 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3174 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі N 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 17.07.2015 N 222 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 1) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеудің қоса берілген Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан пайда болған қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Қ. Пішенбаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілді

Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің Қағидасы

      1. Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің тәртібін айқындайды.
      2. Заңды тұлғалардың аудандық коммуналдық теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін ескеретін базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің негізінде осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес анықталады және келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ат = Рбс х S х Кт х Кк х Кжд х Ко х Кқт х Кұқн,
      мұнда:
      Ат – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін жалдау ақысының 1 шаршы метрге мөлшерлемесі жылына;
      Рбс – 1 шаршы метр үшін мүліктік жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, теңге жылына;
      S – жалданатын алаң, шаршы метр, ғимаратта бөлмелердің бөлігін жалдауды есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін алаңның 25% көлемінде осы алаңдарды жалдаушымен ортақ пайдаланылатын орындарға рұқсат етілетіндерді есепке алу қажет;
      Кт - құрылым түрін ескеретін коэффициент;
      Кт – тұрғын емес жай түрін ескеретін коэффициент;
      Кжд - үй-жайдың жайлылығын ескеретін коэффициент;
      Ко – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кқт - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Кұқн - ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
      Мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін қоспағанда, аудандық коммуналдық меншіктің автокөлік құралдарын, жабдықтары мен өзге де мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
      Ар = С х К1 х К2,
      мұнда: Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      С – жалдаудың жылдық базалық мөлшерлемесі, тең қолданылады С=(Sбал.* Nаморт.),
      мұнда:
      S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
      N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде анықталады.
      К1 - пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент;
      К2 - пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент.
      4. Коэффициент кестеде болмаған жағдайда, 1-ге тең коэффициент қабылданады.

  Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына 1-қосымша

Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі құрылым түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық деңгейін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастыру-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің көлемі

№ р/с
Базалық мөлшерлеме
 
Әкімшілік - аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеме көлемі
1
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
Тиісті жылға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 кеңселік
1
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, гараж, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 
2.1 жеке тұрған құрылыс, ғимараттағы үй-жай
1
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
0,9
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кжд)
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ко):
 
 
4.1 аудандық орталықтар үшін
1
4.2 ауылдық елді мекендер үшін
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқт):
 
5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің, "Қазпошта" Акционерлік қоғамның есеп айырысу - кассалық орталықтары үшін
2,0
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін
3,0
5.3. сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін және оқу орындарының жатақханаларында сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін
1,9
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
1,5
5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін: орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру
0,9
0,8
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,0
5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы және оқу орындардың жатақханаларындағы асхана мен буфеттер үшін
0,5
5.8. 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін
1,9
6
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқн):
 
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
0,9
6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
0,8
6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
6.4 қалғандары үшін
1,0

  Мағжан Жұмабаев ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына 2 – қосымша

Мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу қолданылатын коэффициенттердің көлемі

№ р/с
Коэффициент түрі
Коэффициент мөлшері
1
Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент К1
 
 
Автокөлік құралдары;
1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланылғанда
5 жылдан артық пайдаланылғанда
 
1,2
1
 
жабдықтар және басқа мүлік
1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланылғанда
7 жылдан артық пайдаланылғанда
 
1,2
1
2
Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент К2
 
 
Автокөлік құралдары, жабдықтар және басқа мүлік
аудан орталығы аумағында пайдаланған кезде
ауданның басқа аумақтарында пайдаланылғанда
 
1,4
1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады