"Тимирязев ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы" Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 43 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 130 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тимирязев ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды ұсыну және үгіттік баспа метериалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы" Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 43 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3139 тіркелген, аудандық "Көтерілген тың" газетінде 2015 жылы 14 наурызда, "Нива" газетінде 2015 жылы 14 наурызда жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппарат басшысы А.С. Жүсіповқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Е. Базарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады