Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 35/4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шал ақын ауданының аумағында жер телімдері үшін ақылардың базалық төлемақыларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Шал ақын ауданы маслихатының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 26/4 шешімінің күші жойылды деп саналсын (2010 жылғы 6 тамыздағы мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13-14-104 тіркелген, "Парыз" газетінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 35, "Новатор" газетінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 35 санында жарияланған).
      2. Шешімнің көшірмесі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестріндегі сәйкес жазбаларға енгізу үшін Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне жолдансын.
      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының
ХХХV сессиясының төрағасы
Қ. Сақтанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Н. Дятлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады