Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 32-3 шешімі

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол койылған күннен бастап күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХХІІ сессиясының төрайымы                 С. Мәмбетова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    М. Кенғанов

Аудандық мәслихаттың  
2015 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 32-3 шешіміне қосымша 

Жылыой аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 20-3 "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2948 санымен тіркелген, 2014 жылғы 17 маусымдағы № 27 "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 25-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3057 санымен тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда № 3 "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі;
      3. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-7 "Жылыой ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3077 санымен тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда № 4 "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі;
      4. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы № 27-7 "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 25-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3147 санымен тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде № 15 "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады