Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 25-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 27-7 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 сәуірде № 3147 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 32-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 18.09.2015 № 32-3 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1 бабының 1 тармағына сәйкес және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 25-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3057 санымен тіркелген, "Кең Жылой" газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;";
      2) 5 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Сұлтанов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi, ол алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың
ХХVII сессиясының төрағасы:
Т. Майлыбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы: М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады