Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 91 "Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүлкін жекешелендіру туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3173 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Бухарбаевқа жүктелсін.
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі | Б. Сәрсенғалиев |