"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына және "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық коммуналдық меншіктегі мүлік осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
"Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Мүсеповке жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Умаров |
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "09" сәуірдегі № 91 қаулысына қосымша |
Жекешелендірілуге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктің тізбесі
№ | Мүліктің атауы | Шығарылған (салынған) жылы | Теңгерім ұстаушы |
1 | ГАЗ-3102-121 автокөлігі, тіркеу нөмірі 989 АВ 06 | 2007 | "Мақат аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі |