Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 388 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 306 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 239-V ҚРЗ Заңына және Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 2-26-3/1393 санды хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бәйдібек ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін бекіту туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 388 (Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет депертаментінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2955-нөмірімен тіркелген 2015 жылғы 12 қаңтардағы) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әбілдабекке жүктелсін.
      Аудан әкімі: Б. Көшербай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады