Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 205 "Қазығұрт ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 411 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазығұрт ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы» Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 205 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3250 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдедегі «Қазығұрт тынысы» газетінің № 35 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулы күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде қаулының көшiрмесiн Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментіне жіберсін және мерзімді баспа басылымына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б.Д.Қыстауов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады