«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 8 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2015 жылғы 21 желтоқсан № 1-09/429 ұсынысына сәйкес, Қақпақ ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қақпақ ауылы округі әкімінің « Қақпақ ауылы округі, Қақпақ елді мекені Д.Қонаев көшесі аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 21 қазан 2015 жылғы № 19 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 06.11.2015 жылы № 3418 тіркелген, 13 қараша 2015 жылғы «Қазығұрт тынысы» газетінде № 50 жарияланған) Қақпақ ауылы округінің әкімі шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауыл округінің әкімі Е.Шорабаев