Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 22.12.2015 № 20 шешімімен (алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 20 қазандағы 1-09/381 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қақпақ ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қақпақ ауылы округі Қақпақ елді мекені Д.Қонаев көшесі тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қақпақ ауылы округі Қақпақ елді мекенінің Д.Қонаев көшесі аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Сарсеновке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауыл округінің әкімі Е.Шорабаев