«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мақтарал ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы» Мақтарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйек № 965 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3358 тіркелген, 2015 жылғы 23 қазандағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есенбековке жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Бейсенбаев