Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 7 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Отырар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 35/205-V «Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3112 болып тіркелген, «Отырар алқабы» газетінің 23.04.2015 жылғы № 16 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Нұрқұлов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Б.Зулпыхаров