«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабына, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 23 қараша 2015 жылғы Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18 қараша 2015 жылғы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданы әкімдігінің 28 қараша 2013 жылғы № 2148 «Сайрам ауданы әкімі аппаратының, ауыл округтері әкімдері аппараттарының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2467 тіркелген, 10 қаңтар 2014 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.
Аудан әкімі У.Қайназаров