Округ әкімінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 1 "Жарма ауданының Жарық ауылындағы Абай және Б.Момышұлы көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 3 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Жарма аудандық аумақтық инспекция" басшысының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 378 ұсынысына сәйкес, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Жарық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 1 "Жарма ауданының Жарық ауылындағы Абай және Б. Момышұлы көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 22 мамырда № 3966 болып тіркелген (2015 жылдың 04 маусымдағы № 43 (8823) "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      2. "Жарма ауданының Жарық ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Қ. Калиев осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.


      Округ әкімі Б. Наурызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады