Жарма ауданының Жарық ауылындағы Абай және Б.Момышұлы көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 мамырда № 3966 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 02.07.2015 № 3 шешімімен
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 104 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Жарма ауданының Жарық ауылындағы Абай және Б. Момышұлы көшелеріне, құтырық ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы (Д. Данабаев, келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарма аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (Г.Құлжанбекова, келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарық ауылдық округі әкімі Б. Наурызбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетінің
      Жарма аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. Д. Данабаев

      2015 жыл "21" 04

      "Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау Комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      Жарма аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Г. Құлжанбекова

      2015 жыл "21" 04

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады