Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 маусымындағы № 1 "Қарабұлақ ауылдық округіндегі Қарабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 2 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 маусымдағы №1 "Қарабұлақ ауылдық округіндегі Қарабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт тіркеу тізілімінде 4026 нөмірімен 2015 жылдың 13 шілдесінде тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2015 жылғы 12 қыркүйектегі № 74 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Қарабұлақ ауылдық
      округі әкімінің міндетін атқарушы М.Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады