Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылына қарасты "Бабатілеу" учаскесінде карантин аймағында ветеринариялық режимін тоқтату туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 01 сәуірдегі N 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 79 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылына қарасты "Бабатілеу" учаскесінде ірі қара малға ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізіліп, қарасан ауруының ошағының жойылуына байланысты карантин аймағындағы ветеринариялық режим тоқтатылсын.
      2. 2015 жылғы 11 ақпандағы "Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылына қарасты "Бабатілеу" учаскесінде карантин аймағына ветеринариялық режим белгілеу туралы" №2 шешімінің күші (аудандық Рауан-Заря газетінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №23 нөмірінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3746 16 наурыз 2015 жылы болып тіркелінген) жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Қалғұты ауылдық округінің әкімі Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады