Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының аумақтық бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 463 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тарбағатай ауданының Ойшілік ауылдық округiнiң Томар ауылында ірі қара малдары арасынан шыққан бруцеллез ауруының ошағы түбегейлі жойылуына байланысты шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Тарбағатай ауданының Ойшілік ауылдық округінің Томар ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 373 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3498 болып енгізілген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi | Д.Оразбаев |