Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы № 8-7 "Батыс Қазақстан облыс аумағында құрылыс салу ережелері туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 28-2 шешімі.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы № 8-7 "Батыс Қазақстан облыс аумағында құрылыс салу ережелері туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 9 шілдеде № 2725 болып тіркелген, 2004 жылғы 25 қырыкүйекте "Орал өңірі" және 2005 жылғы 5 қарашада "Приуралье" газеттерінде жарияланған), Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 22 қазандағы № 22-6 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы № 8-7 "Батыс Қазақстан облысы аумағында құрылыс салу ережелері туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2947 болып тіркелген, 2005 жылғы 10 желтоқсанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған), Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 14 қазандағы № 9-7 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы № 8-7 "Батыс Қазақстан облыс аумағында құрылыс салу ережелері туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3016 болып тіркелген, 2008 жылғы 26, 29 қарашадағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы С. Сұлтановқа жүктелсін.
      Сессия төрағасы С. Мұхамбетшин
      Облыстық мәслихат
хатшысы
М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады