Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңы және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8-тармағын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 18 тамыздағы №304 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 шілдедегі "Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылы аумағына карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3946 тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдедегі №29 (7096) "Жайық таңы" газетінде жарияланған) № 9 шешімінің күші жойылсын.
2.Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылы аумағында ұсақ мал арасында шешек ауруына белгіленген карантин мерзімі тоқтатылсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қабыршақты ауылдық округінің әкімі | С.Алманбетова |