Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Иманғалиевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | А. Шахаров |
2015 жылғы "29" сәуір № 82 Қаратөбе ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 80 "Қаратөбе ауданының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3548 тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымдағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын;2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 134 "Қаратөбе ауданының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы №80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3638 тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі "Қаратөбе өңірі" газетінің №39 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.