Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 307 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда № 3292 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
       А. Ташимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады