Шектеу іс – шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мерей ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 303 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданы Мерей ауылы аумағында шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
      2. Мерей ауылдық округі әкімінің "Тасқала ауданы Мерей ауылы аумағында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы №9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3490 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде "Екпін" газетінің №14 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Мерей ауылдық округінің әкімі Қ.У.Тәшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады