Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі "Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" №235 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 378 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауданы әкімдігінің "Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 шілдедегі №235 қаулысы, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4002 тіркелген (2015 жылғы 9 қыркүйекте "Уральская газета" газетінде №18 (462) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Теректі ауданы әкімі аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына жіберуді;
      2) Теректі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының орналастыруын және оны ресми жариялау көздеріне жариялануды қамтамасыз етсін.
      3. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімі Ж.Сериккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады