"Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 268 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 84 қаулысы

      Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 268 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтар, "Серпін" 2015 жылғы 7 ақпан № 6-7 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімі (С.Б.Тұрғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының көшірмесін бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің аумақтық органына жіберуді;
      2) Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының жариялануын және оны ресми жариялау көздерiне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі А. Халелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады