"Шыңғырлау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 158 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына, 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шыңғырлау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" Шыңғырлау ауданы 2015 жылғы 8 шілдедегі № 97 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3964 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 тамыз, "Серпін" 2015 жылғы 22 тамыз № 35 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі (А. Б. Сапаров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнің аумақтық органына жіберуді;
      2) Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының жариялануын және оны ресми жариялау көздеріне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі А. Халелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады