Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1252 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 839 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйектегі № 103 (3160) «Астана ақшамы» және 2014 жылғы 13 қыркүйектегі № 102 (3178) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Құрманғалиев Әсет Қабиұлы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.
Әкім Ә. Жаксыбеков