Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 тамыздағы № С-3/8 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Келесі Көкшетау қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № С- 24/4 "Көкшетау қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 22 мамырда № 4138 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда Көкшетау газетінде және 2014 жылғы 22 мамырда "Степной Маяк" газетінде жарияланған).
      2) Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 9 қазандағы № С-30/3 "Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № С-24/4 "Көкшетау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 7 қарашада № 4438 тіркелген, 2014 жылғы 11 қарашада Көкшетау газетінде және 2014 жылғы 11 қарашада "Степной Маяк" газетінде жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Алтыншы шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының кезекті
3 –
ші сессиясының төрағасы
Б.Бегалин
      Көкшетау қалалық Алтыншы
шақырылған мәслихатының
хатшысы
Б.Ғайса

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады