Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № С-24/4 "Көкшетау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 9 қазандағы № С-30/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 қарашада № 4438 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 тамыздағы № С-3/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 09.08.2016 № С-3/8 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 20 наурыздағы № С-24/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда "Көкшетау" және "Степной маяк" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      "Жалпы ережелер" тарауының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Жалпы ережелер";
      122 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "122. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Қайта сайлауды өткізу кезінде жүзеге асырылуы көзделген сайлау іс-шаралары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес өткізіледі.";
      127 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "127. Қалалық мәслихаттың жұмыс тобы саяси партиялардан, басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан, қалыптастырылатын сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды жинақтаумен айналысады.
      Қалалық, округтік, учаскелік комиссиялардың құрамына тиicтi саяси партияның бip ғана өкілі кіре алады.
      Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелердің сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партиясының мүшесі болып табылмайтын үміткерді ұсыну құқығы бар.
      Саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған комиссияның жұмыс тобына ұсынатын құжаттар тiзiмiне кіреді:
      1) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырыс хаттамасының көшipмeci;
      2) тиicтi сайлау комиссиясының құрамына үміткер ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясы шeшiмiнiң көшipмeci;
      3) әділет органдарында саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;
      4) сайлау комиссиясының жұмысына өз қалауымен қатысатыны туралы үміткердің тиісті мәслихатқа өтiнiшi;
      5) үміткер туралы өмірбаяндық мәліметтер.";
      130 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "130. Шешім жобалары мен бюллетендер жеке дайындалады:
      1) қалалық сайлау комиссиясы бойынша;
      2) Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша;
      3) округтік сайлау комиссиялары бойынша;
      4) учаскелік сайлау комиссиялары бойынша.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының 30-шы кезекті
сессияның төрағасы
Ә.Баймағамбетов
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Б.Бегалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады