Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № С-41/7 "Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № С-46/5 шешімі

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № С-41/7 «Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5029 болып тіркелген, 2015 жылғы 03 қарашада «Көкшетау», «Степной Маяк» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Бесінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының 46–шы
      кезектен тыс сессиясының
      төрағасы                                   Е.Исимбаев

      Бесінші шақыралған Көкшетау
      қалалық мәслихатының
      хатшысы                                    Б.Бегалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады