Аршалы ауданы әкімдігінің күші жойылған қаулысының тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № А-03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін өткізу Ережелеріне сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 қазанда № 3866 тіркелген, № 46 «Аршалы айнасы» аудандық газетінде 2013 жылғы 15 қарашада, № 93 «Вперед» аудандық газетінде 2013 жылғы 19 қарашада жарияланған Аршалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 08 қазандағы № А-336 «Аршалы ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Қ.Балташевқа жүктелсін.

      Аршалы ауданының әкімі                     Ж.Нұркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады