Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № А-03 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары А.Е.Мүсралимоваға жүктелсін.
3. Осы Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Қ.Қарауылов