Аршалы ауданы әкімінің күші жойылған шешімін тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 14 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазастан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтвқ актілеріне құқықтық мониторинг өткізу ережелеріне, Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/556 қаулысына және Ақмола облысының әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда № 3976 тіркелген, Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-10 "Ақмола облысындағы әкімшілік-аумақтық құрылыына өзгерістер туралы" шешіміне сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы Әділет департаментінде 2014 жылы 07.04. 4070 нөмірмен тіркелген, Аршалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 04 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданының әкімі аппараты басшысы Ә.Қ.Балташевқа жүктелсін.
      Аршалы ауданының
әкімі
А.Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады