Егіндікөл ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № а-5/94 қаулысы

      Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Казақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің:
      2012 жылғы 5 шілдедегі № а-7/201 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № а-12/296 (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қаңтарда № 4564 тіркелген, 2015 жылғы 19 қаңтарда № 3 "Егіндікөл" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егіндікөл ауданының әкімі Н. Төлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады