РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 2 тамызда № 1-8-132 тіркелді, 2012 жылғы 6 тамыздағы № 28 "Егіндікөл" аудандық газетінде жарияланды) 2012 жылғы 5 шілдедегі № а-7/201 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі | А.Тайжанов |