Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округінің аумағындағы шектеу іс-шараларын алу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 4 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабындағы 8) тармақшасына сәйкес, "Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті" мемлекеттік мекемесінің шектеу іс-шараларын алу туралы 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-30-433 ұсынысы негізінде Тайбай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі аумағындағы шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Тайбай ауылдық округі әкімінің "Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі Тайбай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 04 маусымдағы № 4 шешімінің (№ 4224 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген, "Ереймен"-"Ерейментау" газеттерінде 2014 жылғы 14 маусымда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Тайбай ауылдық округі әкімі Ж.Жаншуаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады