Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 наурыздағы № 5С-32/6 "Жарқайың аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4093 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірінде "Жарқайың тынысы", "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің көшірмесі Ақмола облысының Әділет департаментіне жолдансын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Д.Меджидов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |