Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 810 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай:
      1) ""Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 769 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1700 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 12, 563-құжат.);
      2) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 24 мамырдағы № 360 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1866 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 31, 659-құжат.) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Министр
полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады