"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 24 мамырдағы N 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 31 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1866. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 810 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.08.2016 № 810 бұйрығымен.

      Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзет қамауында ұстау мәселелерін реттеу мақсатында
 
                           БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 630 V991026_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерінде:
      7-тармақтағы:
      "Қамауда ұстау орындары" деген сөздер "Сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ІІБ-нің қамауда ұстау орындары бөлімшелерінің, топтарының" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы:
      "облыс ІІБ (ІІББ)-ның" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Астана, Алматы қалалары ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бастықтары:
      1) тергеу изоляторлары жеке құрамының осы бұйрықпен бекітілген Ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды оқып-үйренуін ұйымдастырсын және тергеу изоляторларының жұмысын олардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етсін;
      2) сезіктілер мен айыпталушыларға Ішкі тәртіп ережелеріндегі өздеріне

 

қатысты бөліктерде бекітілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен

ақпарат беру шараларын қабылдасын.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі

істер вице-Министрі ішкі қызмет генерал-майоры Н.А.Власовқа, Қазақстан

Республикасы Ішкіісминінің Сезіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын

ала оқшаулау департаментіне (М.М.Баймұхамбетов) жүктелсін.

     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

     генерал-полковник


     Мамандар:

        Икебаева А.Ж.

        Багарова Ж.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады