"Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 382 шешімінің қолдану әрекетін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 425 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу Қағидалары мен мерзіміне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 34 "Қалалық ономастикалық комиссия құрамын бекіту туралы" шешімінің "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 382 шешімінің қолдану әрекеті жойылсын.

      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының
сессия төрайымы
А. Бекенова
      Ақтөбе қалалық мәслихатының
хатшысы
С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады