"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Сарықобда ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қарашасындағы № 12 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Сарықобда ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылдың 19 қаңтардағы № 6-10/09 ұсынысы негізінде, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарықобда ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қарашасындағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4596 болып енгізілген, 2015 жылғы 03 желтоқсанда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 19 қантардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға тарайды.

      Сарықобда ауылдық
округінің әкімі
Ж. Умбеткулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады