Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Сарықобда ауылдық округі әкімінің 19.01.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылдың 10 қарашасындағы № 6-10/134 ұсынысы негізінде, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Сарықобда ауылдық округіне қарасты Сарықобда ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Сарықобда ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Л. Рзиеваға жүктелсін.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сарықобда ауылдық округінің әкімі |
Ж. Умбеткулов |